СҚО-да 2 жасар қыз терезеден құлап кетті

Солтүстік Қазақстан облысында полиция қызметкеткерлері 2 жасар қыздың терезеден құлау фактісі бойынша тексеріс жүргізіп жатыр. Бұл туралы ІІМ-нің ресми ақпараттық порталы хабарлады.

СҚО-да 2 жасар қыз терезеден құлап кетті
Фото: ашық дереккөзі

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, 26 тамызда СҚО облыстық балалар ауруханасына Қызылжар ауданының орталығы – Бескөлде 2-қабаттың терезесінен құлаған 2 жастағы қыз бала жеткізілген.

Полиция қызметкерлері болған оқиғаға байланысты тексеріс жүргізіп жатыр. Бүлдіршіннің жоғары сыныпта оқитын әпкесінің қарауында болғаны және терезеден құлағаны анықталды. Қазір медицина қызметкерлерінің хабарлауынша, қыз баланың жағдайы қалыпты, – делінген хабарламада.

Аталған дерек бойынша материалдар кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияның қарауына шығарылады.