Алматыда жас қыздың 25-қабаттан секіріп кеткен сәтінің видеосы тарады

Алматыда көпқабатты тұрғын үйдің ұшар басынан секіріп кеткен қыздың құлаған сәті тарады. Бойжеткен оқиға орнында көз жұмған, деп хабарлайды paryz.kz Экспресс K сайтына сілтеме жасап. 

Алматыда жас қыздың 25-қабаттан секіріп кеткен сәтінің видеосы тарады
Фото: видеодан скриншот

25-қабаттан секіріп өлген бойжеткеннің бейнежазбасы HALYQSTAN telegram-арнасында жарияланды. Видеода көпқабатты тұрғын үйдің ұшар басынан төмен құлаған адамды көруге болады. Тіпті жерге түскенде "гүрс" еткен дыбысты да естисіз.

Назар аударыңыз, жүрегі әлсіз адамдар көрмей-ақ қойғаны абзал! 25-қабаттан құлаған қыздың бейнежазбасы пайда болды,— деп жазылған видеоға.

Ескерту: бейнеде бейпіл сөздер кездеседі!