Маңғыстауда ұйықтап жатқан ер адамды қылқындырып, тонап кеткен

Маңғыстау облысында жанармай құю бекетінде ер адамды қылқындырып, тонап кеткен екеудің қылмысы камераға түсіп қалды. 

Маңғыстауда ұйықтап жатқан ер адамды қылқындырып, тонап кеткен
Фото: ашық дереккөзі

Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді 

Бейнеудегі жанармай құю бекетінде екі адам ұйықтап жатқан азаматты тонап кеткен. Оның сөмкесінде 80 мың теңге болған.

Ұйықтап жатқан азаматтың қол сөмкесін ашықтан-ашық ұрлаған 2 жігіт оқиға орнынан бой тасалаған.

«Полиция қызметкерлері жедел іздестіріп, күдіктілерді ұстады. Аталған факт бойынша Бейнеу аудандық полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі іс жүргізіліп бастады», - делінген хабарламада.

Оқиға 7 тамыз күні таңертеңгі мезгілде болған.