05.08.2022, 19:29

Орал қаласын қою қара түтін басты

фото: turkystan.kz

Орал қаласының тұрғындары қаланы қою қара түтін басқан сәтті видеоға түсірген болатын. БҚО Төтенше жағдайлар департаменті осыған қатысты түсініктеме берді. 

«Орал қаласында 5 тамыз күні сағат 11:55-те Назарбаев даңғылы, 215 мекенжайы бойынша «UMP» ЖШС аумағында №2 цехтың шатыры мен жарық шамы жанып кетті. Өрт аумағы 240 шаршы метрді құрады. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр», – деді БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі zakon.kz cауалына.

Ведомствоның мәліметінше, өрт 12:29-да оқшауланып, 12:40-та сөндірілді.

«Өртті сөндіруге Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 15 бірлік техникасы мен 56 жеке құрамы жөнелтілді. Өртті сөндіру үшін жедел штаб құрылды», – деді баспасөз қызметінен.