Бүгін Хромтаудағы өрт салдарынан 9 адам ауруханаға түсті

Өрт жалпы ауданы 90 шаршы метрді шарпыған. Жарылыс салдарынан үйдің қабырғасы сөгіліп, құлаған.

Бүгін Хромтаудағы өрт салдарынан 9 адам ауруханаға түсті
фото: дереккөз

Ақтөбе облысының Хромтау қаласында үй өртеніп, 9 адам ауруханаға түсті. Біреуі жаңа туған нәресте, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Бүгін сағат 11:36-да Ақтөбе облысының ТЖД кезекші-диспетчерлік қызметіне Ақтөбе облысы Хромтау қаласында бір қабатты үйде өрт шыққаны, салдарынан газ баллон жарылғаны туралы хабарлама түсті. ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәлидің хабарлауынша, Хромтау аудандық өрт сөндіру бөлімінің 10 адамы және 2 техникасы оқиға орнына дереу жетті.

Өрт жалпы ауданы 90 шаршы метрді шарпыған. Жарылыс салдарынан үйдің қабырғасы сөгіліп, құлаған.

"Өрт сағат 12:29-да толық сөндірілді. Оқиға кезінде 9 адам, оның ішінде 3 бала зардап шекті. Балалар – 6 және 7 жаста, кішкентайы жаңа туған нәресте. Оларды күйік шалмаған. Қазір Хромтау қалалық орталық ауруханасы дәрігерлерінің бақылауына алынды", -деп жазылған хабарламада.