Қостанайда өртенген үйден екі адамның мәйіті табылды

6 маусым күні сағат түнгі 00:04-те Қостанайда Абай даңғылы бойындағы 2 қабатты тұрғын үйде өрт шыққан. Бұл туралы көршілер айтқан, деп хабарлайды Paryz.kz, Halyq-uni.kz-ке сілтеме жасап. 

Қостанайда өртенген үйден екі адамның мәйіті табылды
Сурет: Halyq-uni.kz

«Өрт сөндіру есептоптары келген кезде жалын 250 шаршы метрді қамтып, бүкіл үйге тараған. Тұрғындардың шатыры, жабындары және үй заттары өртке оранған. Өрт салдарынан 10 шаршы метр алаңда көршілес екі қабатты жеке тұрғын үй шатыры мен итарқа ішінара зардап шеккен. Құтқарушылар өртті сағат 01:15-те оқшаулап, көрші тұрғын үйлерге одан әрі таралу қаупін жойды. Сағат 02:26-да өрт сөндірілді. Өрт орнында 1972 және 1984 жылы туған екі ер адамның мәйіті табылды», – дейді департамент.

Қазір болған оқиғаны өрт сөндіру зертханасының мамандары талдап жатыр. Өрттің шығу себебі анықталуда.