"Үйде жалғыз болған": Атырауда полицейлер терезеден екі бүлдіршінді құтқарып алған

Атырау облысында полицейлер ашық терезеге қарап тұрған екі және үш жасар баланы құтқарды, деп хабарлайды Paryz.kzStan.kz-ке сілтеме жасап. 

"Үйде жалғыз болған": Атырауда полицейлер терезеден екі бүлдіршінді құтқарып алған
Сурет: Stan.kz

Облыстық полиция департаментіне хабарлама 5 маусым күні сағат 19:00 шамасында түскен.

“Оқиға орнына келген Тойғожа Әзбергенов, Ренат Исемғалиев, Аслан Мұсаев және Мақат ауданының тұрғыны Қайрат екінші қабаттың терезесіне көтеріліп, балаларды қауіпсіз жерге алып кетті”,- деді Атырау облысы полиция департаментінің

Деректерге сәйкес екі бүлдірішін үйде жалғыз болған.

“Ювеналды полиция инспекторының мәліметінше балалардың 1997 жылғы ата-анасы жұмыста болған. Тәртіп сақшылары олармен түсіндірме әңгіме жүргізді,”- деп қосты баспасөз қызметі.