Қызылордада екі қыз із-түзсіз жоғалып кетті

Қызылордада саябаққа кеткен екі жасөспірім табылмай жатыр. Бұл туралы өңірдің полиция басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды Paryz.kz, Adyrna.kz-ке сілтеме жасап. 

Қызылордада екі қыз із-түзсіз жоғалып кетті

1 маусым күні 14 және 16 жастағы Раушан Меңлібай мен Нарғыз Жұбандық саябаққа серуендеуге кетіп, қайтып оралмады.

«Осыған байланысты Қызылорда қалалық Полиция басқармасы іздеу салады. Аталған хабарлама бойынша қандай да бір ақпарат немесе жүрген жері туралы мәлімет білген жағдайда 8 (7242) 29-75-20 телефонына немесе 102 арнасына қоңырау соғуларыңызды сұраймыз», – деп жазылған Полиция басқармасы таратқан хабарламада.