БҚО-ның Ханкөл ауылында жұрттың көзіне бір қыздың аруағы көрініп жүр

Құрамына Ханкөл ауылы кіретін Жусандыой ауылдық округінің әкімі Талап Казиев тұрғындардың шынымен осындай оқиғаны айтып жүргенін растады.

БҚО-ның Ханкөл ауылында жұрттың көзіне бір қыздың аруағы көрініп жүр

Әлеуметтік желіде бірнеше күн бойы БҚО Қаратөбе ауданына қарасты Ханкөл ауылында шашы ашық түсті қыздың аруағы пайда болғаны туралы мәлімет тарап жатыр, деп жазды aikyn.kz.

"Жолдың маңында шашы ашық түсті қыз жүреді, жүргізушілерді қорқытып жүр. Кейбіреулер тағы бір кемпірді көрген. Олардан бәрі қорқады, ер адамдар жылайды", - деп пікір білдірді әйел адам хабарламаға.

Ер адам түн ішінде өзі жалғыз Ханкөл ауылы арқылы Қаратөбе ауданынан келе жатқан. Жол бойында тұрған әлгі қыз оның көлігіне отырып, руліне жармасып, кедергі келтірген. Ер адам қорқып, жол апатына ұшырай жаздапты. Сол кезде оған қарама-қарсы бағытта тағы бір көлік келіп, қыз ғайып болған. Адамдар мың теңгеден жинап, құрбандық шалу үшін мал алып, Құран бағыштатқан. Мешіттен, ауданнан адамдар, полиция қызметкерлері келген. Бұл бірінші жағдай емес. Жазда тағы бір жүргізуші келе жатып, осы қызды көрген. Қорыққанынан ол ауылға соғып, бір үйге барып, есігін қаққан. Адамдар оның көлігін тексеріп, онда ешкімді таппаған. Жүргізуші аруақтар көлікте отырғанын айтып қоймаған.

"КамАЗ жүргізушісі ауылдан өтіп бара жатқанда әлгі қыздың пайда болғанын айтқан. Мешітке келген соң ол имамға көлікті қарауды өтінген. Ол ешкімді таппаған. Ханкөлде қорқынышты жағдай болып жатыр. Қыздың аруағы терезені қағып, үйге кіріп, адамдарды қорқытып жүр екен. Оны көргендер ауыра бастайтын болыпты. Садақа бергенмен, аруақ тынышталар емес", – дейді ауыл тұрғындары.

Құрамына Ханкөл ауылы кіретін Жусандыой ауылдық округінің әкімі Талап Казиев тұрғындардың шынымен осындай оқиғаны айтып жүргенін растады.

Айта кетсек, Ханкөл ауылында 460 адам тұрады, орта мектеп бар, газ және сумен қамтылған.