Шымкентте мәйітті көрпеге орап, қоқысқа тастаған күдікті ұсталды

Шымкентте денесі қоқыстан табылған әйелді өлтірді деген күдікті ұсталды, деп хабарлайды  Paryz.kz ақпарат агенттігі Шымкент полиция департаментіне сілтеме жасап. 

Шымкентте мәйітті көрпеге орап, қоқысқа тастаған күдікті ұсталды
Сурет: Stan.kz

Полициядағылар күдіктіні куәгерлердің берген жауабы мен бейнебақылау камералары арқылы тапқан. Күдікті 1970 жылғы Шымкент тұрғыны болып шықты. Полициядағылардың хабарлауынша, күдікті өз кінәсін толықтай мойындады. 

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы, 1 тармағы (Адам өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел тергеу тобы құрылып, қажетті сараптамалар тағайындалды. 

Айта кетейік, қоқыстан табылған әйел 35 жаста болған. Оның мүрдесін жергілікті тұрғындардың бірі кездейсоқ тауып алыпты. Қоқыстан нан қалдығын көрген әйел оны үй жануарына алмақ болады. Сонда әйелдің мүрдесі салынған сөмкені байқайды. Мәйіт көрпеге оралып салынған. 
Куәгерлердің айтуынша, әйелдің бет-аузы қан-жоса, соққыға жығылғаны байқалады.