БҚО-дағы жасөспірім мектепті өртеп жіберем деп қорқытты

Батыс Қазақстан облысының мектеп оқушысы әлеуметтік желіде күйінген жазбасын қалдырды. Ол анасына ренжіп, білім ордасын өртемек болды, деп хабарлайды Paryz.kz, turkystan.kz -ке сілтеме жасап.

БҚО-дағы жасөспірім мектепті өртеп жіберем деп қорқытты
Сурет: Turkystan.kz

Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданындағы орта мектепте оқитын жасөспірім арақтан көз ашпайтын анасына қатты ренжулі. Тіпті әйелдің мастығын пайдаланып, мыңдаған еркек айызын қандырады деп күйінуде. Ал сыныптастары анасының бұл әрекетін әшкерелеп, мазақтайды екен. Соған ашуланған ол әлеуметтік желіде мектепті түгел өртеп жіберетінін жазған.
«Менің шылым шегіп, ішімдік ұрттаған бейнежазбамды көріп алыңдар. Жақын күндері өртке оранған, ішіндегі адамдардың отқа жанған сәтінен дәл осындай видео жүктеймін» деп жазған жасөспірім.

Оның бұл жазбасы жергілікті тәртіп сақшыларының назарына ілінді. Бірден кім екені анықталып, қатаң бақылауға алыныпты. Сонымен қатар оқушының анасы Әкімшілік кодекстің 127-бабы («Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау») бойынша жауапкершілікке тартылды.
«Бірден іздеу жұмыстары жүргізіліп, әлеуметтік желіге бейнежазба жүктеген автор анықталды. Ол – 2005 жылғы жасөспірім. Қазір отбасы қатаң бақылауда», – дейді БҚО ПД қызметкерлері.