Шығыста тағы дауыл тұрды

Бұл жолы қатты жел мәдениет үйінің шатырын жұлып кетті. 

Шығыста тағы дауыл тұрды
Фото: Өңірлік ТЖД баспасөз қызметінен

Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданында қатты жел мәдениет үйінің шатырын ұшырып әкетті, деп хабарлады paryz.kz.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Алғабас ауылында секундына 19 метрге жететін қатты желдің салдарынан жалпы ауданы 70 шаршы метрді құрайтын мәдениет үйі ғимаратының шатыры зақымданған.

"Зардап шеккен ешкім жоқ. Оқиға орнында жергілікті атқарушы орган өкілдерінен құралған комиссия жұмыс істеп жатыр", – деп хабарлады ведомство өкілдері.

Осы ретте ТЖД тұрғындарды сақ болуға, үлкен ағаштардың астында тұрмауға және автокөлік қоймауға шақырады. Сондай-ақ, билбордтардан және басқа да аспалы құрылымдардан, электр желілерінен мүмкіндігінше алыс болған жөн.

Еске сала кетсек, бірнеше күн бұрын ШҚО-да қатты жел мектептің шатырын ұшырып әкеткен болатын.