Нұр-Сұлтан әуежайында мас жолаушылар шу шығарды

Полицияға ырық бермеген екеуді күшпен тыныштандыруға тура келген.

Нұр-Сұлтан әуежайында мас жолаушылар шу шығарды
Фото: tengrinews.kz

Нұр-Сұлтан әуежайында мас жолаушылар шу шығарды, деп хабарлады Tengrinews.kz.

Әлеуметтік желілерде полиция қызметкерінің Нұр-Сұлтан әуежайында бір әйелді сүйреп бара жатқаны және ер адам мен әйел адамның әуежай қызметкерлеріне балағат сөздер айтып жатқаны түсірілген видео тарады.

ІІМ Көліктегі полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл оқиға 25 қазанда болған.

'Нұр-Сұлтан әуежайындағы желілік полиция бөліміне "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" АҚ тексеру қызметінің инспекторы екі жолаушыға қатысты шаралар қабылдау туралы жазбаша өтінішпен жүгінген", - деді ІІМ Көліктегі полиция департаментінің ресми өкілі Ләззат Қасымжанова.

Өтініш берушінің айтуынша, олар өздерін агрессив ұстаған және "FlyArystan" әуекомпаниясының "Нұр-Сұлтан - Алматы" рейсіне отырғызу талонынсыз өтпек болған.

Тексеру кезінде Нұр-Сұлтан әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері оларды тыныштандыруға тырысқаны, алайда, олардың қызметкерлердің талабын орындаудан бас тартқаны айтылады.