Атырауда 19 жастағы бойжеткен 16-қабаттан секіріп кеткен

Белгілі болғандай, бір ай бұрын да ол өзін-өзі өлтіруге тырысқан.

Атырауда 19 жастағы бойжеткен 16-қабаттан секіріп кеткен
фото: ашық дереккөз

Атырауда 19 жастағы бойжеткен көп қабатты үйдің 16-қабатынан секіріп кеткен деп хабарлайды Paryz.kz“Ақ жайық” басылымына сілтеме жасап. 

Ол қаланың Алмагүл шағын ауданындағы көп қабатты үйлердің бірінен секіріп, суицид жасаған.

Марқұм бойжеткен Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің экономика және құқық факультетінің 3-курс студенті болған. Университет өз кезегінде студент жақсы оқығанын, белсенді болғанын, қоғамдық шараларға қатысып жүргенін хабарлады.

Белгілі болғандай, бір ай бұрын қыз өзін-өзі өлтіруге тырысқан. Ол кезде қыз ғимараттардың бірінің жоғарғы қабатынан секіруді көздеген. Бірақ ол кезде күзетші байқап қалып, аман алып қалған.