Алматыда оқушы 20-қабаттан секіріп кетті

Оқушы шамамен 16 жаста.

Алматыда оқушы 20-қабаттан секіріп кетті
фото: ашық дереккөз

Алматыда мектеп оқушысы "Манхеттен" тұрғын үй кешенінің 20-қабатынан секіріп кетті деп хабарлайды Paryz.kz.

Бұл туралы ақпарат Instagram-дағы пабликтердің бірінде пайда болып, кейін өшіріліп тасталды.

Куәгерлердің айтуынша, оқиға бүгін, 11 желтоқсанда сағат 8.15-те болған. Оқушы шамамен 16 жаста. Оның жанынан оқушы сөмкесі табылған.

Полиция бұл фактті растады.

Бұл іс сотқа дейінгі тергеу реестрінде Қылмыстық кодекстің 105 бабы "Өз-өзіне қол салуға жеткізу" бабы бойынша тіркелді. Қылмыстық істі Алмалы аудандық полиция департаменті тергейді, - деді Алматы полициясындағылар.