Алматыда көлік өртеніп кетті

Көлік 1990 жылы шыққан.

Алматыда көлік өртеніп кетті
фото: дереккөз

Бүгін Алматыда Райымбек даңғылында автокөлік өртеніп кетті деп хабарлайды Paryz.kz.

10 желтоқсан күні сағат 9:57-де 101 пультіне полиция патрулінен Райымбек даңғылы бойындағы Бөкейханов көшесіне жетпей Mercedes-Benz 190 автокөлігінің жанғаны туралы хабарлама келіп түсті, - деп хабарлады Алматы ТЖД

Өрт аумағы 4 шаршы метр болған. Көлік 1990 жылы шыққан.

Өрт 8 минуттан кейін сөндірілді.