Елордада дүкеннен 14 қорап шоколад ұрлаған жігіт ұсталды (ВИДЕО)

Ол ұрлық кезінде қолға түскен.

Нұр-Сұлтанда жанармай құю бекеттерінің біріндегі дүкеннен 14 қорап шоколад ұрлады деген күдікпен қала тұрғыны ұсталды деп хабарлайды Paryz.kz.

Елорда полицейлері тексеріс барысында бұрын сотты болған 24 жастағы тұрғынды ұстаған. Ол ұрлық кезінде қолға түскен.

Жігіт клиент ретінде жанармай құю бекетіне кіріп, сөрелерді аралап, Merci шоколадын таңдаған. Азық-түлік қарап жүрген секілді болған ол стеллаждың жанына отырып, шоколад салынған қораптарды кеудесіне тыға бастаған, - деп хабарлады ведомство.

Қылмыс бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Видеода ер адамның қораптарды киіміне жасырып жатқаны анық көрінеді.

Ер адам кассаға келіп, тек бір бөтелке судың ақшасын төлеп, бекеттен шығып кеткен. Бір мезетте ол сомасы 37 800 мың теңге болатын 14 қорапты ұрлап үлгерген, - деді министрлік.