Алматыда әйелін пышақтап өлтірген ер адам ұсталды

Күдікті Уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Алматыда әйелін пышақтап өлтірген ер адам ұсталды
фото: ашық дереккөз

Алматыда үйдегі жанжал кезінде күйеуі әйелін пышақтап өлтірді деп хабарлайды Paryz.kz.

Отбасылық жанжал салдарынан пышақ жарақатын алған 34 жастағы әйел қайтыс болды. Кісі өлтірді деген күдікпен оның күйеуі із суытпай ұсталды. Қылмыс құралы болған пышақ алынып, ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген қылмыстық іс материалдарына қоса тіркелді, - дейді Наурызбай аудандық Полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Дидар Аханов.

Күдікті Уақытша ұстау изоляторына қамалды.