Алматы облысында ер адам әйелінің көңілдесін балталап өлтірді

Ол танысын аяусыз өлтіргенін мойындады.

Алматы облысында ер адам әйелінің көңілдесін балталап өлтірді
фото: ашық дереккөз

Алматы облысында 32 жастағы тұрғын әйелінің көңілдесін балталап өлтіріп тастады деп хабарлайды Paryz.kz, облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аудандық полиция бөлімшесіне көптеген балта іздерінен денесі кесілген және ми жарақатын алған ер адам туралы ақпарат түседі. Ер адам ауыр жарақат салдарынан ес жимастан қайтыс болды. Аталған қылмыстық іс бойынша жедел тергеу тобы марқұмның кім екенін анықтады. Ол 36 жастағы Алматы тұрғыны болып шықты. 2021 жылдың 6 қарашасында 32 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Ол танысын аяусыз өлтіргенін мойындады.

Күдіктінің айтуынша, ол туған күн кешінде марқұм азамат әйелінің көңілдесі екенін естиді. Кейін үйіне оралып, әйелін мойындатады. Әйелінің мойындаған сәтін бейнекамераға түсіріп алған күдікті оның көңілдесін белгісіз жерге шақырып, аталған бейнежазбаны көрсетіп, әйелінің көңілдесіне көптеген балта жарақатын салады.

Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, күдікті 2014 жылы да істі болған. Ол қасақана денсаулыққа ауыр жарақат салып, кейін жәбірленушінің өліміне әкелгені үшін сотталған. Бүгінде күдікті Уақытша қамау изоляторына алынды. Қылмыс кезінде қолданылған балта полицейлерге өткізілді.