ШҚО-да 25 жастағы жігіттің мәйіті табылды

Марқұмның жеке басы анықталды – бұл облыс орталығының 1996 жылы туған тұрғыны. 

ШҚО-да 25 жастағы жігіттің мәйіті табылды
фото: дереккөз

Өскеменде көп қабатты үйдің астынан тұрғындар ер адамның мәйітін тауып алған деп хабарлайды Paryz.kz

Марқұмның жеке басы анықталды – бұл облыс орталығының 1996 жылы туған тұрғыны, – деп хабарлады облыстың Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

30 қазан күні Потанин көшесіндегі көп қабатты 18-үйдің жанынан 25 жастағы жігіттің мәйіті табылды. Аталған факті бойынша Өскемен қаласының Үлбі полиция бөлімі 1-бап бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады («Өз-өзіне қол жұмсауға дейін апару»).

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша тиісті сот-медициналық сараптамалар тағайындалып, қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.