04.10.2021, 15:23

ШҚО әкімдігінен шыққан өрттің неден екені белгілі болды

фото: ашық дереккөз

Белгілі болғандай, мәжіліс залындағы еден жанған.

Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігі ғимаратында өрттің неден шыққандығы белгілі болды деп хабарлайды Paryz.kz, облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кеше Өскемен қаласындағы М.Горький көшесінде орналасқан әкімдіктің 5-қабатында өрт шыққан. Көп ұзамай өрт сөндірушілер жалпы ауданы 121 шаршы метрді құраған қызыл жалынды толықтай ауыздықтап, ары қарай таралуына жол бермеді.

Белгілі болғандай, мәжіліс залындағы еден жанған. Өрттің шығуына – электр жабдықтарының апаттық режимі себеп болды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Тілсіз жаумен күреске жеке құрамнан 65 адам мен 17 техника жұмылдырылған, – деп хабарлады ведомство өкілдері.