Атырауда әйел жаңа туған сәбиін дәретхананың шұңқырына тастай салған

Шырылдаған нәрестені ауыл тұрғындары тауып алған. 

Атырауда әйел жаңа туған сәбиін дәретхананың шұңқырына тастай салған
фото: ашық дереккөз

Атырау облысы Индер ауданында безбүйрек ана жаңа туған сәбиін дәретханаға тастап кеткен деп хабарлайды Paryz.kz

Оқиға 3 қазан күні болған. Ұлын көшедегі дәретханада босанған әйел нәрестені шұңқырға тастай салған. Шырылдаған нәрестені ауыл тұрғындары тауып алған. 

Ауруханаға жеткен кезде ауыр хәлде болды. Денесі суықтап қалған. Дәрігерлер аман алып қалды. Анасы да табылып, аудандық ауруханаға жатқызылды, – деп хабарлады Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасы. 

Полиция қылмыстық іс қозғап, тергеу амалдарын бастап кетті.