Италияда ұшақ ғимаратқа соғылды: 8 адам қаза тапты (ФОТО)

Өрт шыққан ғимарат әлі пайдалануға берілмеген, жаңадан салынып жатқан.

Италияда ұшақ ғимаратқа соғылды: 8 адам қаза тапты (ФОТО)

Италияда жеке меншік ұшақ кеңсе ғимаратына соғылып, оқиға салдарынан сегіз адам қаза болды деп хабарлайды Paryz.kzBBC-ге сілтеме жасап. 

Басылым мәліметінше, ғимарат тұрғындардың пайдалануында болмаған.

Ұшақ Миланның Линате әуежайынан Сардиния аралына бет алған. Алайда ол қаланың сыртындағы ғимаратқа құлап, жарылып кеткен. Салдарынан сегіз адам қаза тапты, олардың арасында бір бала бар. 

Ұшақ қозғалтқыштарын өшіргендей дауыс естідім. Содан кейін қатты жарылыстың дауысы шықты. Терезелер шайқалып кетті, сырттан қара түтін көрінді, – дейді Джузеппе есімді оқиға куәгері.

Жергілікті басылымдардың мәліметінше, ұшақ бортында Франция азаматтары болған, алайда бұл ақпарат әлі расталмады. 

Өрт шыққан ғимарат әлі пайдалануға берілмеген, жаңадан салынып жатқан. Жарылыстан пайда болған өрт көп ұзамай сөндірілген.