Маңғыстау облысында оннан астам киік шұңқырға түсіп кеткен (ВИДЕО)

Оған түсіп кеткен киіктер жанталасып, бірін-бірі таптай берген.

Маңғыстау облысында оннан астам киік шұңқырға түсіп кеткен (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

Әлеуметтік желіде Маңғыстау облысында оннан астам киіктің терең шұңқырға түсіп кеткен видеосы тарап жатыр деп хабарлайды Paryz.kz

Instagram-да жарияланған бейнеороликте шұңқырдың жол құрылысы үшін қазылғаны айтылған. Оған түсіп кеткен киіктер жанталасып, бірін-бірі таптай берген.

Видео соңында ауыр техникалардың бірі киіктердің шұңқырдан шығуына ыңғайлы етіп топырақтан жол төсеп беріп, жануарлар түгелімен далаға жіберілді.

Ескерту: видеода бейәдеп сөздер айтылады.