Прямая трансляция

Астана

Астана

-2.03°C

Тоқаев Ауғанстандағы жағдайға байланысты шұғыл жиын өткізді

Осы орайда Қазақстанның ұлттық мүддесі ескеріледі.

Тоқаев Ауғанстандағы жағдайға байланысты шұғыл жиын өткізді
фото: ашық дереккөз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстандағы ахуалға байланысты жиын өткізді деп хабарлайды Paryz.kz.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстанда қалыптасқан жағдайға байланысты кешелі бері екінші рет жиын өткізді. Жиынға премьер-министр Асқар Мамин, ұлттық қауіпсіздік комитеті, сыртқы істер, қорғаныс, ішкі істер, төтенше жағдайлар министрліктері, бас прокуратура, мемлекеттік күзет қызметі басшылары мен қауіпсіздік кеңесінің хатшысы қатысты, - деп хабарлады президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.

Тағы оқи отырыңыз: Тоқаев Ауғанстандағы жағдай бойынша күштік құрылым басшыларымен жиын өткізді

Жиын барысында Ауғанстан Ислам Республикасындағы жағдайға байланысты шұғыл әрекет ету шаралары және Қазақстан азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Осы орайда Қазақстанның ұлттық мүддесі ескеріледі.

Президент құзырлы мекемелерге Ауғанстандағы жағдайды жан-жақты бақылауда ұстауды тапсырды. Бұл осы елмен бұдан былайғы ынтымақтастық бойынша шешім қабылдау үшін аса маңызды, - деп жазды Уәли.