Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Тоқаев Ауғанстандағы жағдай бойынша күштік құрылымдардың басшыларымен жиын өткізді

Еске сала кетсек, АҚШ әскерилері Ауғанстаннан шығарылғаннан кейін елде жағдай ушығып кетті...

Тоқаев Ауғанстандағы жағдай бойынша күштік құрылымдардың басшыларымен жиын өткізді
фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстандағы жағдайға байланысты күштік құрылымдардың басшыларымен жиын өткізді. Бұл туралы ол өзінің twitter-парақшасында жазды деп хабарлайды Paryz.kz.

Ауғанстандағы жағдай бойынша күштік құрылымдардың басшыларымен жиын өткіздім. АИР-дағы азаматтарымыз бен дипломаттарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде тапсырма бердім. Қазақстан Ауғанстандағы жағдайдың ушығып бара жатқанына алаңдаушылық білдіреді. Ахуал мұқият бақылауда, - деп жазды Тоқаев.

Еске сала кетсек, АҚШ әскерилері Ауғанстаннан шығарылғаннан кейін елде жағдай ушығып кетті. Тәліптер Ауғанстанның бірқатар аймағын басып алды. НАТО жасағы мен америкалық әскерилердің соңы шілденің басында елден кеткен. Бүгінде бұл мемлекетте тәліптер күшейіп келеді. Кей деректерде олар Иран, Қытай, Пәкістан, Тәжікстан мен Түркіменстан шекараларын қоса алғанда, ел аумағының 90 пайызын өз бақылауына алған.