18.09.2020, 15:40

Байден Трамптың отставкаға кетуін талап етті

yandex.kz

Оның айтуынша індет өршіген кезде президент тек биржалық көрсеткіштер мен екінші мерзімге қайта сайлану үшін ұпай жинауды ойлаған.

Дональд Трамп президент қызметінен мерзімінен ерте кетуге тиіс. Алдағы сайлауда осы лауазым үшін бақталасатын Джо Байден осындай мәлімдеме жасады. Ол Ақ Үй әкімшілігінің коронавирус қаупін дұрыс бағаламай, тым кеш шектеу шараларын қабылдағанын «қылмыс» деп атады.

Джо Байденнің айтуынша, індет өршіген кезде президент тек биржалық көрсеткіштер мен екінші мерзімге қайта сайлану үшін ұпай жинауды ойлаған. Дональд Трамп медициналық бетперделер тағу қажеттілігіне құлақ аспағанын да еске салды.

Сарапшылардың пікірінше, уақытылы қабылданған шаралар 100 мың АҚШ тұрғынының өмірін сақтап қалар еді.

"Мұншалықты жауапсыз әкімшілік бұған дейін болмапты. Тіпті көремін деп те ойлаған жоқпын. Президент бәрін білсе де, ешқандай шара қабылдамаған. Бұл нағыз қылмыс қой. Жұрт кедейлік құрсауынан шығу үшін екі жерде жұмыс істеуге мәжбүр. Халықты мұндай жағдайға жеткізу. Айтарға сөзім жоқ", - деп айтты АҚШ президенттігіне үміткер Джо Байден.