Прокурор Айжан Аймағанованың желідегі жаңа видеосы көпшілікті тәнтті етті

Бишімбаев ісінде мемлекеттік айыптаушы қызметін атқаратын Айжан Аймағанова Instagram-дағы парақшасында видео жариялап, әсерлі жазба қалдырған, деп хабарлайды Paryz 

Прокурор Айжан Аймағанованың желідегі жаңа видеосы көпшілікті тәнтті етті
Фото: видеодан скриншот

«Парақшамды ашқан кезде, маған көп адам жазылады деп ойламадым. Тек менің атымнан жалған парақшалар ашылып кетпесе екен деген мақсатым болды. Бұл менің әлеуметтік желідегі жалғыз аккаунтым, менде тик-ток жоқ. Менің студенттік кезімнен @zhakiti аккаунтым бар, осыған орай парақшам осындай атау алды. Қазір прокуратура қызметкері ретінде маған жүктелген барлық жауапкершілікті түсініп, бар аккаунтты @aimaganova_a деп өзгертуге және қоғамға ашық әрі пайдалы болуға шешім қабылдадым», - деп жазды прокурор.

Ол жеке парақшасына жазылған әрбір оқырманына алғыс айтқан. Сонымен қатар «өмірге адам болып келген соң, адам болып кету – парыз» деген ойын да жазған.