27.03.2024, 09:25

Алтай Көлгінов жаңа қызметке тағайындалды

Фото: gov.kz

Ақорда Астананың бұрынғы әкімі Алтай Көлгіновтің жаңа қызметке тағайындалғанын хабарлады.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Алтай Сейдірұлы Көлгінов Қазақстан Республикасының Эстония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды», -  делінген ресми құжатта.

Ал бұрын осы қызметті атқарған Нұрлан Мұсатайұлы Сейтімов Қазақстан Республикасының Эстония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды.