Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Nur Otan-нан шеттетілген Әлтаев бір ай ішінде оппозициялық үкімет құрмақ

Бұрынғы мәжілісмен өткен Парламент сайлауында жаңа құрылған Үкімет құрамын "ешқандай жаңармаған, құр көзбояушылық" деп санайды...

Nur Otan-нан шеттетілген Әлтаев бір ай ішінде оппозициялық үкімет құрмақ
фото: ашық дереккөз

Экс-депутат Нұржан Әлтаев "Ел тірегі" оппозициялық партиясын құратынын мәлімдеді, деп хабарлады paryz.kz, КТК телеарнасына сілтеме жасап. 

Бұған дейін Nur Otan партиясынан қуылған ол бүкіл ТМД аумағында болмаған тың бастама көтеріп отырғанын жеткізді. Айтуынша, үкіметтің мұндай балама түрі Еуропаның дамыған елдерінде жиі қолданылады. Мысал ретінде Ұлыбритания мемлекетін келтірген ол бір ай ішінде оппозициялық үкімет құратынын айтады. Сондай-ақ бұрынғы мәжілісмен өткен Парламент сайлауында жаңа құрылған Үкімет құрамын "ешқандай жаңармаған, құр көзбояушылық" деп санайды.

Әлтаев қаржыландыру мәселесі халыққа тәуелді болатынын қосты. Бұған қоса, баламалы үкімет мүшелерін халық сайлайды екен. 

Тағы оқи отырыңыз: "Нұротандық" депутат жаңа партия құрып, демократ болып кетпек

"Әлеуметтік желілерде дауыс беру, сайлау арқылы кім көп дауыс жинайды, сол біздің оппозициялық үкіметте министр бола алады. Бұл жерде тек халық шешеді. Мен шешпеймін, басқа азаматтар шешпейді, партияның ішіндегі азаматтар шешпейді. Тек халық өзі шешім қабылдап, дауыс беріп, сол дауыс беру арқылы шешілетін болады", - деді "El Tiregi" қозғалысының төрағасы Нұржан Әлтаев.