Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

"Нұротандық" депутат жаңа партия құрып, демократ болып кетпек

Әлтаевтың аунап түсіп, аяқасты "реформашыл", "демократияшыл" болып кетуінің бір ғана себебі бар. Ол кеше "Нұр Отанның" Мәжіліс депутаттығына ұсынған кандидаттарының тізіміне кірмей қалды.

... жік шықты, екі құлағы тік шықты Мәжіліс депутаты Нұржан Әлтаев «Ел тірегі» атты партия құрмақшы. Ол партия құру...

Опубликовано Oraz Alimbekov Среда, 25 ноября 2020 г.
"Нұротандық" депутат жаңа партия құрып, демократ болып кетпек
фото: ernur.kz

Белгілі журналист Ораз Әлімбеков Facebook-тегі парақшасына Мәжіліс депутаты Нұржан Әлтаевтың "Ел тірегі" атты партия құрғалы жатқанын жазды. Ол партия құру жөніндегі бастамашыл топтың жиынын ертең, яғни 27 қарашаға белгілеп отырған көрінеді, деп жазды paryz.kz.

Әріптесіміздің жазуынша, Әлтаев мүше болып отырған "Нұр Отан" партиясы саяси реформа жасамапты. Сондықтан ол өз алдына партияға құруға "мәжбүр" болыпты. Ал өзі құрмақшы болып жатқан партиясына жақтастар тарту үшін "Ел тірегі" – сенің партияң!" деп жалпақ жұрттың саяси қам көңілін аулағансып қойған. Бұл партияға мүше болған адам ойында не бар, аузына қандай сөз түсті, емін-еркін жасқанбай айта береді-міс.

"Анархия жасасын!" - деген Ораз Әлімбеков одан әрі Әлтаев партиясының бұл идеясы саясатта жаңалық емес екенін айтты. Себебі, ол Ресейдегі оңшыл-центристік "Новые люди" және "Партия прямой демократии" саяси ұйымдарының идеологиясын қазақ қоғамына жаңалық етіп ұсынбақшы екен. Яғни, жұртты анархияға шақырып, сол ісімен әлдебір саяси саудаға, саяси шантажға барып отырған көрінеді.

"Әлтаевтың аунап түсіп, аяқасты "реформашыл", "демократияшыл" болып кетуінің бір ғана себебі бар. Ол кеше "Нұр Отанның" Мәжіліс депутаттығына ұсынған кандидаттарының тізіміне кірмей қалды. Ол тағдырының солай болатынын бір апта бұрын анық түсінген. Сонда да кешеге шейін, "Нұр Отанның" съезі өткенге дейін емізік үмітте болды. Үміті үзілген соң ғана "реформашыл", "демократияшыл" бола қалды", - дейді журналист.

Еске сала кетсек, депутат болғанға шейін Әлтаев Ауыл шаруашылық вице-министрі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметтерін атқарған. Бірақ ол осы екі саланы тұралатқан министрліктердің жұмысын жақсарту үшін ештеңе жасамапты.

"Қолынан іс келмейтінін түсінген ол депутат болып кете барды. Қазір осы жылы-жұмсақ орыннан да айырылып қалғалы тұр. Әлтаев "Саясатпен шұғылданбасаң, саясат сенімен шұғылданады" деген тәмсілді жан-тәнімен сезінді. Енді "Суға кеткен тал қармайдының" жандалбасасын жасап жатыр", - деп түйіндеді сөзін Ораз Әлімбеков.