"Масқара!": Түркістан облысында өлген адам Nur Otan-ға "дауыс берген"

"Түркістан облысы Шорнақ елді мекенінде болған жағдай", - деп нақтылады қоғам белсендісі.

"Масқара!": Түркістан облысында өлген адам Nur Otan-ға "дауыс берген"
фото: ашық дереккөз

Қоғам белсендісі, Мәжіліс депутаттығына ADAL партиясы атынан үміткер болған Дәулет Мұқаев өзінің instagram-дағы парақшасына 16 жыл бұрын қайтыс болған кісінің Nur Otan партиясына дауыс бергендер тізімінде жүргені туралы хатты жариялады, деп хабарлады paryz.kz.

Тағы оқи отырыңыз: "Nur Otan-ның жеңетіні басынан белгілі болды" - "Адалдық" үміткер Дәулет Мұқаев

"Дүниеден өткеніне 16 жыл болған көкеміз бүгін "Нұр Отан"-ға дауыс берген списокта да тұр, масқара. Түркістан облысы Шорнақ елді мекенінде болған жағдай", - делінген хатта.