Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

"Nur Otan-ның жеңетіні басынан белгілі болды" - "Адалдық" үміткер Дәулет Мұқаев

"Өздеріңіз көргендеріңіздей, бәрібір де бұйрық - жоғары жақтан", - дейді ол.

"Nur Otan-ның жеңетіні басынан белгілі болды" - "Адалдық" үміткер Дәулет Мұқаев
фото: Instagram парақшасынан скриншот

ADAL партиясының атынан депутаттыққа үміткер болған қаржы сарапшысы Дәулет Мұқаев әлеуметтік желідегі парақшасында тікелей эфирге шығып, Мәжіліс сайлауының нәтижесі туралы пікір білдірді, деп хабарлады paryz.kz, qamshy.kz-ке сілтеме жасап.

"Арандатушылар болды. Кей фейк парақшалардан: "Не істеп отырсың?", "Қосанов-2 болдыңдар" деп жазуда. Тағы да қайталап айтамын, бұл – президенттік сайлау емес. Nur Otan-ның жеңетіні басынан белгілі болды. Мен коммунисттер партиясы өтпейді, орнына ADAL партиясы өтеді деп ойлаған едім. Алайда біздің ойлағанымыз саясаттың ойлағанымен бола бермейді. Бізге даусы бергендердің бәріне рақмет айтамын. Бұл жерде бәрібір де айналып келгенде саясат, "сайқал саясат" деген тіркес жүреді. Мен де дайын жүрмеген шығармын. Бірақ жақсы бір сабақ алдық", – деді Дәулет Мұқаев.

Сондай-ақ, ол партия мүшелігіндегі барша азаматтар қызметтерін адал атқарғанын атап өтті.

"Өздеріңіз көргендеріңіздей, бәрібір де бұйрық - жоғары жақтан. Әрине жастықтың буымен бұрқырап, көшеге шығып, жолды жабу сынды әрекеттерге баруға болады. Бірақ одан түк шешілмейді. Сондықтан менің сұрайтыным, сатқын, алаяқ, жемқор ұрпақ тәрбиелемейікші, өтініш! Өзінің пікірі болатын, өзінің құқығы үшін тұра алатын ұрпақ тәрбиелейік. Бірақ түбінде жалғыздың үні шықпай қалады мұндайда. Сондықтан біз өзгеру үшін ұрпағымызды өзгертейік, саналы білім берейік. Шыны керек, қазір қоғамда сатқындар өте көп", – деп сөзін түйіндеді сарапшы.