Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

COVID-19: наурызда Қазақстан халқын жаппай вакцинациялау басталады

Кешен базасында 2 миллион доза вакцина кезең-кезеңімен шығарылады.

COVID-19: наурызда Қазақстан халқын жаппай вакцинациялау басталады
фото: liter.kz

Қазақстанда өндірілген ресейлік "Спутник V" вакцинасын жаппай егу жоспарланып отыр. Бұл туралы бүгін Sputnik Қазақстан хабарлады.

Екпе бірінші кезекте ерікті негізде медицина қызметкерлері, педагогтар, студенттер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, медициналық-әлеуметтік мекемелердің контингенті, сондай-ақ созылмалы аурулары бар қауіптілік топтың өкілдеріне салынады.

Бұған дейін Үкімет басшысы Асқар Мамин Қарағанды фармацевтикалық кешенінде "Спутник V" вакцинасының өндірісін іске қосқан болатын. Кешен базасында 2 миллион доза вакцина кезең-кезеңімен шығарылады. Сондай-ақ, 2021 жылдың наурыз айында COVID-19-ға қарсы отандық вакцинамен жаппай егу басталады.

19 желтоқсанда отандық QazCovid-in вакцинасын клиникалық сынақтан өткізудің соңғы ІІІ сатысы басталды. Оның аясында вакцина 3 мың еріктіге егілді.

Көктемде Жамбыл облысының Қордай ауданында биофармацевтика зауыты іске қосылады. Кәсіпорын жылына 60 миллион доза вакцина шығаруға қауқарлы.

Тағы оқи отырыңыз: "Қарин бізден шыққан вакцинаны салдырды дегені - шылғи өтірік, әшейін пиар!" - Тоқтар Жақаш

"Сіздерге ашып көрсетейін...": Сапарбаевқа екпе салған медбике шыр-пыр болды

Бұған дейін Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов оқушылар коронавирусқа қарсы вакцина салдыруға міндеттелмейтінін мәлімдеген болатын.