Рыбакина мен Азаренко осыған дейін былтыр АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өткен турнирде кездескен еді. Сол кезде Рыбакина қарсыласын 6:3, 6:4 есебімен басым түскен болатын. Ал осы жолы Қазақстан теннисшісі алғаш рет Австралияның ашық чемпионатының жартылай финалына шығып, тағы да Виктория Азаренкомен кездесті.
Беларусь теннисшісі Мельбурн корттарында 2012 және 2013 жылдары екі рет жекелей сында жеңіске жеткен. Биылғы сында ол қарсыластарының бәрін жолдан шығарып, жартылай финалға да емін-еркін жетті.
Кездесу аса тартысты және қызықты өтіп, 2 сағатқа жуық уақытқа созылды. Матчта Рыбакина қарсыласын бірінші партияда 7:6, екіншісінде 6:3 есебімен жеңді.
Екінші жартылай финалда тағы бір Белурусь теннисшісі Арина Соболенко (5 WTA) финалға шығу үшін Польша өкілі Магда Линетпен (45 WTA) кездеседі. Спортшылар бір-бірімен екі рет ойнаған. Екеуінде де Арина Соболенко жеңген.
«Australian Open» Мельбурндегі «Мельбурн Парк Род Лэйвер Арена» стадионында болып жатыр.
Австралияның ашық чемпионаты 30 қаңтарда өз мәресіне жетеді