Прямая трансляция

Астана

Астана

-3.03°C

ЕАЭО отырысына Қазақстаннан тағы да екі басшы қатысқаны қызық (ВИДЕО)

Ал Өзбекстан мен Куба бақылаушы мемлекет ретінде қатысты.

ЕАЭО отырысына Қазақстаннан тағы да екі басшы қатысқаны қызық (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

Бүгін Еуразиялық экономикалық одақ Жоғарғы кеңесінің отырысы бейнеконференция арқылы өтті. Сонда әр ел президенттері бір-бірден отырғанда, тек Қазақстанның экран алдында екі тумен, екі ел басшысымен көзге түскені ұяттау сияқты, деп жазды paryz.kz.

Көзге түрпідей тиген бұл көріністі өзге елдердің халқы қалай қабылдады екен? «Артын ашып тұрып» күлген шығар, иә?..

Тағы оқи отырыңыз: Лукашенко Тоқаевқа сайлау науқаны қиын болатынын ескертті

Сонымен, жиында экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық жобасы тақыланды. Оған Өзбекстан мен Куба бақылаушы мемлекет ретінде қатысты. Жоспар бойынша, күн тәртібіндегі барлығы 28 мәселе қаралуы тиіс екен. Бұл ретте Қазақстанның атынан бірден екі басшы – Назарбаев пен Тоқаев қатысқан онлайн жиынды Беларусь президенті Александр Лукашенко ашты.