"Беларусьтегі де, басқа елдердегі де жағдайды көріп отырсыз. Сондықтан біз сізбен біргеміз, алаңдаймыз", - деді ол.
Беларусь президенті Александр Лукашенко ЕАЭО елдері басшыларының отырысында парламенттік сайлау кезінде Қазақстан үшін уайым жейтінін және біздің билікке қолдау көрсететінін айтты, деп хабарлады paryz.kz.
Сайлау науқаны Қазақстанға да оңай соқпайтынын ескерткен Лукашенко, Тоқаевқа қуатты мемлекет қалыптастыру жолында сәттілік тіледі.
"Біз үшін 2020 жыл өте ауыр болды. 2021 жыл да қиын болады. Мен Қазақстанда жыл басында парламенттік сайлау болатынын білемін. Біз сізге және Қазақстанның тұңғыш президентіне осы саяси науқанда сәттілік тілейміз. Сіздерге қиын болады. Беларусьтегі де, басқа елдердегі де жағдайды көріп отырсыз. Сондықтан біз сізбен біргеміз, алаңдаймыз. Қазақстанды тұрақты, қуатты мемлекетке айналдыру жолында біз сізді қолдаймыз", - деді ол.