Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Кәмелетке толмаған қызбен жыныстық қатынасқа түскен депутат "Нұр Отаннан" шығарылды

Облыстық мәслихат депутатын партия қатарынан шығару туралы шешім 7 желтоқсан күні қабылданды.

Кәмелетке толмаған қызбен жыныстық қатынасқа түскен депутат "Нұр Отаннан" шығарылды
фото: tengrinews.kz

Ақтөбеде облыстық мәслихатының депутаты, кәсіпкер Аркадий Ни күдікке ілініп, ұсталғаннан кейін "Нұр Отан" партиясы қатарынан шығарылды, деп хабарлады paryz.kz, Азаттың радиосына сілтеме жасап.

"Нұр Отан" таратқан мәліметке қарағанда, Аркадий Ни "заңға қайшы әрекет жасаған". Бірақ партияның Ақтөбедегі бөлімшесі Ниге нақты қандай айып тағылып отырғанын айтпады. Жергілікті полиция да, прокуратура да Аркадий Ниге қандай айып тағылғанын жария етпей отыр.

Оның ұсталғанын алғашқылардың бірі болып бір күн бұрын Телеграмдағы "шенеунік.кз" арнасы хабарлаған. Телеграм-арнаның мәліметінше, Ни Қылмыстық кодекстің 122-бабы ("Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау") бойынша күдікке ілініп отыр. Оны полиция 5 желтоқсанда Ақтөбе әуежайында ұстаған. Онда Нидің айыптарды толық жоққа шығарғаны жазылған. Алайда ресми орындар бұл ақпаратты әзірге растамады.

Кәсіпкер Аркадий Ни 2011 жылы "Нұр Отан" партиясына кірген. Облыстық мәслихат депутатын партия қатарынан шығару туралы шешім 7 желтоқсан қабылданды.

Тағы оқи отырыңыз: Депутат-кәсіпкер кәмелетке толмаған қызбен жыныстық қатынаста болған

Ақтөбе облысы мәслихатының сайтындағы ақпарат бойынша, Аркадий Ни 1961 жылы Бішкекте туған. Орта мектепті Қазақстанда бітірген. Осында инженер-механик мамандығын игерген. 1988-2006 жылдары Қазақстанда түрлі коммерциялық мекемелерде істеген. 2006 жылдан бері Ақтөбедегі "РОКОС" компаниялар тобының бас директоры. Ақтөбе облысы мәслихатының 5-6 шақырылым депутаты.