Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Депутат-кәсіпкер кәмелетке толмаған қызбен жыныстық қатынаста болған

"Қазіргі уақытта күдікті ҚР ҚПК-нің 128-бабы бойынша уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді ПД баспасөз қызметінен. 

Депутат-кәсіпкер кәмелетке толмаған қызбен жыныстық қатынаста болған
Фото: ашық дереккөз

Әлеуметтік желіде Ақтөбеде танымал кәсіпкердің кәмелет жасына толмаған жасөспіріммен жыныстық қатынасқа түскені үшін ұсталғаны туралы ақпарат пайда болды, деп хабарлады paryz.kz, Ақтөбе облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Kozachkov offside Telegram арнасында Ақтөбеде Қылмыстық кодекстің 122-бабы, 3-бөлігі ("16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынаста болу немесе жыныстық сипаттағы өзге де әрекеттер") бойынша күдікке ілінген кәсіпкер және депутаттың ұсталғаны туралы ақпарат жарияланды. Ал ведомствоның хабарлауынша, қазіргі уақытта қылмыстық құқық бұзғаны үшін Ақтөбе тұрғынына қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр.

"Қазіргі уақытта күдікті ҚР ҚПК-нің 128-бабы бойынша Уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, басқа ақпарат жария етілмейді", - деді ПД баспасөз қызметінен.