Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Сотталушыны ұрып өлтірген сәттің бейнежазбасы пайда болды

Солтүстік Қазақстан облысындағы түрмеде жазасын өтеушілердің бірі екіншісін ұрып өлтірген сәттің бейнежазбасы пайда болды. Онда қапас есігінің алдында тұрған адамды жерге құлатып, басынан белгісіз затпен төпелеп жатқанын байқайсыз, деп хабарлайды paryz.kz  ақпарат агенттігі экспресс k сайтына сілтеме жасап.  

Сотталушыны ұрып өлтірген сәттің бейнежазбасы пайда болды
Фото: видеодан скриншот

Бейнежазба әлеуметтік желіде тарады. Видеода түрме есігінің жанында екі жазасын өтеушінің тұрғанын байқайсыз. Ал келесі бетінде қарауыл қызметкері бар. Көп ұзамай бірі екіншісін ұрып жерге құлатып, белгісіз затпен басынан төпелей бастайды. Сол сәтте түрме қызметкері еш шара қолданбаған. Керісінше есікті ашып, кетіп қалады. Әлгі ұрып соққан адам өз ісін аяқтағанда ғана өзге қызметкерлердің келіп, әлгі жерде жатқан жазасын өтеушіге қарап тұрғанын көресіз.

Желі қолданушылары бұл жағдайға түрлі пікір қалдыруда. Басым бөлігі түрме қызметкерлерінің әрекетсіздігіне қапалы. Тіпті ондағы өлімнің тікелей тапсырыспен жасалған болуы мүмкін деген де күдіктері бар.