21.10.2022, 12:51

«Тіл мәселесін саяси сұраққа айналдырудың қажеті жоқ» - Дана Нұржігіт

Фото: ашық дереккөз

ҚР мәжілісінің депутаты, тележүргізуші Дана Нұржігіт “Қазаша жауап беру мәдениетсіздік”,- деген “Chocolife” басшысына байланысты өз ойын айтты.

Бұл туралы ол Azattyq радиосына берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі. 

“Мухоряповтың компаниясы қазақша пост та жариялапты. Бірақ, менің ойымша оған тиісті құқық қорғау ұйымдары өзінің бағасын бере жатады деп ойлаймын. Президенттің айтуынша жалпы тіл мәселесін саяси сұраққа айналдырудың қажеті жоқ”, - деді Дана Нұржігіт.