18.10.2022, 12:01

ІІМ Ресейден Қазақстанға тәулігіне қанша адам келіп жатқанын айтты

Фото: ria.ru

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Үкімет отырысының кулуарында елге келген ресейліктер туралы айтты, деп хабарлайды paryz.kz ақпараттық агенттігі. 

«Қазір нақты санын айта алмаймын. Біраз азамат (ресейліктер – авт.) келді. Қазір бұрынғы қалыпқа келдік. Ресейден келіп жатқан азаматтардың саны шығып жатқандардан аз. Тәулігіне Ресейден 8000-9000 мың адам келеді, ал елден 10 000 – 11 000 адам шығып отыр. Осылайша, бұрынғы нормаға ендік. Депортацияланғандар бар. Бірақ, олардың нақты санын айта алаймын», - деді Марат Ахметжанов.  

Еске салсақ, 4 қазанда Ішкі істер министрлігі Ресейде ішінара мобилиция жарияланғаннан кейін (21 қыркүйек) Қазақстанға 200 мыңнан астам ресейлік келгенін хабарлаған еді.  

17 қазанда Ресейдегі мобилизация аяқталды.