Қайрат Нұртастың қала күніне арналған мерекелік кеште ән шырқайтынын қалалық әкімдік хабарлады.
Әншінің Таразға келетіні туралы хабарландыру қала көшелеріне ілінген. Қала күніне арналған жарнамалық парақ.
Өкінішке қарай, орталық алаңға жиналған қауым Қайратты сол күйі көре алмады. Кейін әнші әлеуметтік желі арқылы тараздықтарға сәлем жолдап, концертке кешігіп қалғанын айтқан.
"Ассалаумағалейкум, Тараз қаласы, қалайсыздар? Концертке кешігіп қалдық. Жол ғой, енді. Аман болыңыздар!", - деді әнші.
Кейін әлеуметтік желіде Қайрат Нұртастың сол күні Тараздағы тойда ән салып тұрған видеосы тарады. "Қайрат концертке үлгермесе де, тойға үлгерді", - деп жазды Taraz_life парақшасы.