Біздің елде рейдерлік пен "крышалар" атымен болмауы тиіс. Егер бизнес адал жұмыс істеуге дайын болса, ерекше әрі заманауи болса, оны қолдауымыз керек. Сондықтан ұлттық экономиканың жаңа моделіне қосылып кетуі үшін көмектесуіміз қажет,
— деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Ақорданың баспасөз қызметі кездесу қорытындысы бойынша Президент нақты шешімдер қабылдайтынын хабарлады.