24.11.2021, 17:21

Тоқаев Белгияға барады

фото: дереккөз

Мемлекет басшысы Брюссельде Бельгияның және Еуропалық Одақтың басшылығымен келіссөздер жүргізеді.

25-26 қарашада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгия Корольдігіне ресми сапармен барады деп хабарлайды Paryz.kz

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли жазды.

Мемлекет басшысы Брюссельде Бельгияның және Еуропалық Одақтың басшылығымен келіссөздер жүргізеді, сондай-ақ еуропалық ірі компаниялардың жетекшілерімен бірқатар кездесу өткізеді деп жоспарланған - делінген хабарламада.