18.10.2020, 19:19

Бүгін Армения мен Әзірбайжан бір бітімге келіп отыр

фото: stan.kz

Қос тарап та тиісті мәлімдеме жасады.

Ереван мен Баку Таулы Қарабақ бойынша гуманитарлық бітімге келісті, деп хабарлады paryz.kz, РИА Новостиге сілтеме жасап.

Бітім 18 қазанда жергілікті уақыт бойынша түнде күшіне енді. Қос тарап та тиісті мәлімдеме жасады.

"Шешім 1-5 қазанда ЕҚЫҰ Минск тобының тең төрағаларының кездесулерінен кейін және 10 қазанда Мәскеудегі келіссөздер барысында қабылданған", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, осыған дейін Армения мен Әзірбайжан 10 қазаннан бастап Қарабақтағы атысты тоқтатуға келіскен болатын. Алайда, онда әлі ұрыс қимылдары жалғасып жатыр.