Тексеру кезінде марқұмдардың бірі - 17 жастағы қыз балаға бір күн бұрын іздеу жарияланғаны белгілі болды.
Ақтөбеде бойжеткен мен бозбала балконнан секіріп өлді деп хабарлады paryz.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Ақтөбеде 17 жастағы бойжеткен мен 18 жастағы бозбала көпқабатты үйдің балконынан секіріп кеткен. Қыршын кеткен қос жастың мұндай қадамға неліктен барғанын ешкім айта алмай отыр.
Олардың мәйітін тұрғындардың бірі таңсәріде көріп, дереу полицияға хабар берген. Тексеру кезінде марқұмдардың бірі - 17 жастағы қыз балаға бір күн бұрын іздеу жарияланғаны белгілі болды.
Тағы да оқыңыз: "Қарағандыда 13 жасар жасөспірім 9-қабаттан секіріп кетті"
Жақындары оның жоғалып кеткені туралы тәртіп сақшыларына хабарлапты. Онымен бірге биіктен секірген жанындағы бозбала – досы екен. Қос қыршынның өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды.