Қарағандыда 13 жасар жасөспірім 9-қабаттан секіріп кетті

Алған жарақаттарынан ол оқиға орнында көз жұмды. 

Қарағандыда 13 жасар жасөспірім 9-қабаттан секіріп кетті
фото: ekaraganda.kz

Қарағандыда 13 жасар жасөспірім тоғызыншы қабаттан секіріп кетті. Алған жарақаттарынан ол оқиға орнында көз жұмды деп хабарлады ҚазАқпарат.

Әлеуметтік желілерде тұрғын үйдің ауласында жасөспірімнің денесі жатқан видео пайда болды . Бейнеде полиция қызметкерлері жылап жатқан әйелді ұстап, жұбатуда. Белгілі болғандай, 13 жастағы жасөспірім 9 қабатты үйдің төбесінен секірген. Әзірге қайғылы оқиғаның себебі белгісіз.

«Ағымдағы жылдың 22 қарашасында Қарағанды қаласының Карбышев көшесінде биіктен құлап кеткен 13 жастағы жасөспірімнің мәйіті табылды. Жәбірленуші 9 қабатты үйдің төбесінен секіргені анықталды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 105-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Тергеу жүріп жатыр», - деп хабарлады Қарағанды облыстық ПД баспасөз қызметі.