Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Ресейдегі қазақтар мен күрдтердің жанжалына қатысты тағы бір видео пайда болды

Онда шалбаршаң жігіттердің төбелесуге кетіп бара жатқанын көруге болады.

Ресейдегі қазақтар мен күрдтердің жанжалына қатысты тағы бір видео пайда болды
Фото: Youtube

Әлеуметтік желілерде Саратов облысының Дергачев ауданында 24 қазанда болған ұлтаралық қақтығыстың тағы бір видеосы пайда болды, деп хабарлады paryz.kz.

Видеоны "Взгляд-инфо" ақпарат агенттігінің редакциясына оқиға куәгерлері ұсынған.

Онда беліне дейін шешініп тастап, қолына таяқ ұстап, жазық далада оқиға орнына беттеп бара жатқан агрессивті көңіл-күйдегі жігіттерді көруге болады. Барлығы жолдың бойына қарай ағылып бара жатыр. Ал алыстан бір көліктің де төбесі көрінеді.

Олардың "бір де бірге" шығу үшін келген топ екенін байқауға болады. Алайда, бұған күш қолдануға мәжбүр болған "омондықтар" жол бермеді.

"Ең құрығанда, олармен сөйлесуге рұқсат беріңіздер!" - деді ОМОН-ға қарсылық танытушы жігіттің бірі.

Жанжал 21 қазанда, қазақ жігітін әскерге шығарып салу кезінде болған. Дереккөз атап өткендей, әртүрлі ұлт өкілі мас кезінде сөзге келіп қалып, арты төбелеске ұласқан. Мәселені шешу үшін қос тараптың адамдары жан-жақтан "тартылған".