Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Ресейде қазақтар мен күрдтер қақтығысты (ВИДЕО)

Бүгін Дергачиге басқа аудандардан күрдтер жиналып, жергілікті қазақтарға сес көрсетпек болды. Олардың айтуынша, "қазақтар арандатушылықтың арқасында ұлттық өшпенділікті туындатқан".

Ресейде қазақтар мен күрдтер қақтығысты (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

СарИнформ мәліметіне сүйенсек, бүгін Саратов облысындағы Дергачи елді мекенінде қазақ және күрд диаспоралары арасындағы жанжал шиеленісе түскен. Ұрыс-керіс негізінен 21 қазанда қазақ баласын әскерге шығарып салу барысында басталған көрінеді, деп хабарлады paryz.kz, baq.kz-ке сілтеме жасап.

Түрлі ұлт өкілдері арасында ішімдік ішу салдарынан төбелес басталған, оған жанжалды бастағандарды қолдайтындар қосылған. Кейіннен Дергачиде тұратын күрдтер өз ағайынын көмекке шақырған. Жанжалдасқан күрдтер мен қазақстарға екі жақтың ақсақалдары басу айтып тоқтатқан. Сонымен қатар, оқиға орнына полиция да жеткен.

Келесі күні полиция бөлімінде дауды бастаған күрдтің әкесі мен қазақтар тарапынан ақсақал кездесіп, бір-біріне еш наразылығы жоқ екенін айтып, жанжалды шешуге атсалысуға уағдаласқан. Алайда, уәде ұзаққа созылмай, бүгін тағы да бір жанжал басталды.

"Бүгін Дергачиге басқа аудандардан күрдтер жиналып, жергілікті қазақтарға сес көрсетпек болды. Олардың айтуынша, қазақтар арандатушылықтың арқасында ұлттық өшпенділікті туындатты. Ал күрдтердің міндеті – бір-бірін жәбірлеуге жол бермей, көмекке келу", - деп атап өтті дереккөз.

Дергачиге кешке құқық қорғау органдары басшыларымен қоса, Саратов облысының вице-губернаторы Игорь Пивоваров да барды.

"Олар тағы бірдеңе бастамақ болды. Алайда, полиция дер кезінде оқиға орнына келді. Біз кетіп қалдық. Қазір ол жерді тиісті органдар күзетіп жатыр. Бәрі тыныш", - деді ол.

Қазір аталмыш дерек бойынша тексеру жұмыстары жүріп жатыр.